Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Палеолиттік Майбұлақ тұрағы туралы жаңа мәліметтер.

Палеолиттік Майбұлақ тұрағы туралы жаңа мәліметтер.

Таймағамбетов Ж.Қ.  т.ғ.д., профессор

2009 жылдың мамыр айында, Қазақстанның тас ғасыры ескерткіштерін зерттеу экспедициясы Алматы облысының Ұйғыр, Райымбек аудандарындағы палеолит және неолит кезеңдерінің ескерткіштеріне барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Алайда, барлау жұмыстары әзірге ешқандай оң нәтижелер көрсетпеді, атап өтуге тұрақтарлықтары  голоцен кезеңінің жекелей орналасқан тұрақтары ғана.
Сонымен қатар, тас ғасыры ескерткіштерін табу барысында Алматы облысының Райымбек, Ұйғыр,  Талғар және Жамбыл аудандарында барлау жұмыстары жүргізілді. Тас ғасырының жоғарғы қабаты тас құралдары табылған тас ғасыры кезеңінің жаңа орындары ашылды. Құралдар арасында пластиналар, қырғыштар, өндіріс қалдықтары басым болып келеді. Үңгіртас үңгірінде және жақын маңындағы аудандарда жүргізілген барлау жұмыстары да ешқандай нәтижелер көрсетпеді.
Негізгі жұмыстар Жетісу жерінде алғаш табылған кейінгі палеолиттік Майбұлақ тұрағында жүргізілді.
Майбұлақ тұрағы Алматы облысында, Алматыдан батысқа қарай 44 шақырым жерде, Қарғалы ауылының оңтүстік батысында Іле Алатауының солтүстік қыратында, Майбұлақ өзенінің оң жағалауында осы өзенмен аттас шатқалдың кіре берісінде орналасан.
Қазіргі уақытта Майбұлақ тұрағы жеке адамдардың құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұзылған. Ескерткіштің оңтүстігіндегі жар бөлігі ғана сақталған. Өткен жылдардағы зерттеу жұмыстары кезінде тұрақ орнында қосымша  гео-геомарфалогиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өзінің техникалық қасиеттілігінің төмендігіне қарамастан, Майбұлақ өзеніндегі порфириті шикі затпен жұмыс істеу жұмыстарының көптігі оларды ұқыпсыз және шамадан тыс қолданғанын көрсетеді. Алдында жасалған тұрақты зерттеу жұмыстарына сүйене келе біз адамдардың мустье дәуірінің соңы, жоғарғы палеолитің басында тұрақтанған деген болжам келтіре аламыз. Стратиграфиалық нақтыланған тұрақ  шым қабаты (0.25м), гумысталған құм және сары балшықтан тұратын қабат (0.25-0.6м), ашық –сары құм мен сары балшықтан тұратын тез ажырайтын құрылымы бар қабат (0.6-2.5м), кей жерлерінің құрылымы тығыз ашық –сары құм мен сары балшықтан қабатынан карбанатты тұзы бар қабаттардан (2.5-8.15м) тұрады. Зертеулер нәтижесінде 3 мәдени қабаттар анықталды.
Алынған І мәдени қабат олжасы (0.7-2.1м) 76 данадан тұрады. Қабат голоцен уақытымен мерзімделеді.
ІІ мәдени қабат (3.5-4.8м) қолданылмаған палеолит дәуіріндегі мәдени қабат болған. Мұнда көптеген жұмыс алаңдарында таспен қаланған ошақ орны табылды. Барлығы 930 дана тас құралдар жиналған. ІІІ мәдени қабат 5,2 м басталып 6,6 м дейінгі аралыққа жетеді. Қабат бұйымдарының коллекциясы 1029 данадан тұрып. Бұл қабатта 16 ошақ іздері мен таспен қоршалған 2 үлкен ошақ, сонымен қатар белгісіз жануардың жілік сүйектері табылған. Шикізат материалына Майбұлақ өзенінің бойынан алынған (барлық бұйымдардың 82%) қара-қоңыр, қара, сұр және қызыл түсті порфириттер, сонымен қатар басқа жерлерден әкелінуі мүмкін жасыл, қара және қызыл кремень жыныстары (18%) қолданылған.
Майбұлақ тұрағының индустриясы техникалық мінездемесінің төмендегідей ерекшеліктері бар. Өзек тасты алғашқы жаңқалауда леваллуа техникасының ерекше орын алғаны байқалады.  Мұнда дайындамалар, пішін, сонымен қатар тыңғылықты өңделген ядрища мен соғу алаңы дайындауда ұқсас стратегиясымен анықталған жаңқаларға бірнеше аршылған леваллуалдық өзектастар бар. Екі өзектаста протопризмалық өңдеуге өту белгілері бар ерекшеліктер байқалады. Тұрақтағы индустрия ішінде ерекше орынды призмалық техника алады (7 дана нуклеус, 3 дана пренуклеус). Бұл топтың нуклеустар көптеген топтарға бөлінеді. Үлкен пластиналарға арналған макронуклеустар, орта өлшемдегі пластиналарға арналған аса үлкен емес призмалық нуклеустар, микропластиналарға арналған призмалық өзектастар. Артефактілердің басым бөлігі жаңқалар, техникалық қалдықтар, сынықтар, сындырындылардан тұрады. Құралдардың ішінде ертепалеолит түріндегі бұйымдар аз мөлшерде кездеседі. Қолда бар даналар типологиялық тұрғыда мустьер дәуіріне жатып, сериялық нақты жүйе құрамай, ертепалеолиттік кезеңнің төменгі бөлігінен шықпай, табылған барлық коллекциялардың бөлігі болып саналады. Мұнда жаңқалар мен пластиналардағы жаңқалар (4 дана), біржақты қырғыштар, пышақ кіреді. Шығыңқы құралдардың призмалық пластиналарда дайындалған ұштықтар. Морфологиялық тұрғыда әр алуан топ болып қырғыштар құрайды, басқа топ ішіндегі периметрі бойынша ретуші бар соңғы, домалақталған лезвиясы бар, екі жақты қырғыштар бар. Майбұлақ индустриясында кескіштер (жаңғы кескіштер) көп. Тұрақ мекендеушілерінде тас бұйымдарды бифасты өңдеу кең тарамаған. ІІІ мәдени горизонтта жаңғы нуклеустарды микропластиналық техникасымен өңдеу байқалады. Микропластиналарды қыстырғыш ретінде қолдану тіркелмеген. Дайындамалар ең әуелі қырлары желінген микроүшкір және микротескіштерді алуға пайдаланылған. Аңғардағы шикізат көзі адамды қызықтырған себепті, біз Қастек сайында барлау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Бұл жерден ертеректе жер бетінде жатқан тас құралдар орта және ұсақ өлшемдегі жартылайбірінші және екінші өндірістік сынықтар мен қалдықтар кездескен тас дәуірінің Қастек табылым орны анықталған болатын. Нуклеус тәріздес сынықтар – 20 дана. Олардың ішінде желвактын қабығы барлар да кездеседі. Сынықтар жартылай бірінші және екінші үлкен және кіші артефактылармен бейнеленеді. Алғашқы жаңқалардың қалдықтарын сараптай келе ескеретін бір жайт, сынықтардың басым бөлігі жаңқалар мен техникалық сынықтар, қирандылардың қалдықтары көп кездеседі. Бірнеше дана пластиналар бар. Жаңқалау техникалық призма түріндегі пластина алу үрдісі кең қолданылмаған. Алдын ала болжам бойынша, тас құралдар типология негізінде кейінгі палеолиттің соңғы кезіне жатады. Төмендегідей алдын ала қорытындылар бойынша, Майбұлақ, Қастек тұрақтарының индустриясын зерттеу, бұлескерткіштер Сібір, Алтай, Орта Азиядағы кейінгі палеолиттік ескерткіштермен ұқсастығы байқалады.
Биылғы жылғы жұмыстар мақсатына нысанды құландылардан тазарту, сонымен қатар абсолюттік мерзімдеуін нақтылауға арналған жаңа ақпарат алу үшін тың қазба салу кірді. Қазба нысанның орта тұсына салынды. Көлемі 20 шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Ең терең тұсы 8 м жетті. Шығыс қабырғасының кесіндісінің стритиграфиясы – ақшыл-сары саздақ, кей жерлерде корбанатты қабаты бар тығыздау келген ақшыл-сары саздақ.
Батыс бөлігінің жоғарғы тұстары құрылыс жұмыстарының әсерімен бұзылғанмен, бұл жерден 3 мәдени қабат анықталды.
І мәдени қабаттың  37 бұйымнан тұратын тас құралдар коллекциясы табылды. Коллекция құрамында – микропластиналарға арналған призма тәріздес және призмалық нуклеустар, жаңқалар, пластиналар, нуклеус тәріздес сынықтар, қырғыштар және микропластиналар. Горизонт төңірегінде кей жерлерінен көмір қалдықтары табылды. ІІ мәдени горизонт коллекциялары қозғалмаған күйде табылып, 41 дана құрайды. Леваллуа құралдардан көптеген қырғыштар – кейінгі, бүйірлі, дөңгеленген, қырлы, тісті және ойылған құралдар, өңделген пластиналар, шойбалғалар бөлініп алынған. Берілген горизонттағы жасалған заттардың жасалу ерекшелігі 3,5 – 3,7 м.м. тереңдіктегі ошақтар мен ошақ орындары.
3 мәдени горизонттың (109экз) артефактілер арасында – леваллуалық көп бөлікті нуклеустар, пластиналар бар. Құралдар жиынтығына қырғыштар, малта тастардан және бифастардан жасалған заттар, пластиналар, өңделген жаңқалар кіреді. Горизонттың негізігі айырмашылығы – сүйектердің айналасында тастан жасалған өнімдердің табылуы мен сонымен қатар өңделмеген порфириттік тастар мен ірі ойылған малта тастардың шығуы.
Шикізат материалдары артефактілерді дайындауда негізгі жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Бұл порфириттер қою қоңыр, қара, сұр, жасыл және қызыл түсті Майбұлақ өзенінің арнасынан табылған, сонымен бірге басқа жерлердегі тұрақтардан да жасыл, қызыл, жоғары сапалы қара шақпақ тасты өңдеуден өткізгені байқалды. Алғашқы жартастардан көп мөлшерде пластиналар, нуклеустер, шойбалғалар табылып, олардың барлығынан тұрақтың маңайында алғашқы және екінші құралдардың тесіліп жасалуын аңғаруға болады.
Құнарлы мәдени қабаттарға, сонымен қатар, сүйектер мен шеберханалар тұрақтың алғашқы адамдарға көптеген уақыт қызмет еткенін көрсетеді.
Ертеректе алынған, алғаш рет Жетісу палеолиті үшін, Майбұлақ тұрағы бойынша абсолютті дата сериялары: 34970+665 жас, (төменгі дата) және 24330+190 жас (жоғарғы дата), бұл болашақта тек Кастек шатқалының  артефактарының мәдени-тарихи сәйкестігін емес, бұған қоса бүкіл Жетысу өңірін анықтауға көмектеседі.
Майбұлақ тұрағы, Жетісу өңіріндегі тас дәуірінің жалғыз стратифицирленген ескерткіші болып табылады, және оның материалдары Қазақстанның Ежелгі тарихының қорына айтарлықтай үлес қосады.


Сүрет 1- Майбулақ турағының тас құралдары. 
1-мәдени горизонт
Құралдар: 1-қашалып түсірген құралдр; 2-үшы қырғыш; 3-жоғары формадағы қырғыш;  4-жарты шеңберлі жүзді қырғыш; 5-ерте нуклеус; 6- ретушталған жаңқа тас; 7-призматикалық майда нуклеус; 8,11, 12-пластина сынықтары; 9- үшы қырғыш сынығы; 10- пышық; 12,13- майда пластиналар.

 


Сурет 2. 2 мәдени горизонт
Құралдар: 1,2-тісті құралдар; 3-ретушьті пластинадағы жоғарғы формалы қырғыш; 4-нуклеусті қырғыш; 5-қырғыш-кескіш; 6-периметрлі ретушьті қырғыш; 7-ұш


Сурет 3. 3 мәдени горизонт
Құралдар: 1,2-кескінді қырғыштар; 2-ұштық қырғыштар; 3-ретушьті пластина; 4-шығыңқы ретушьті отщеп; 5-жоғарғы формалы қырғыш; 6-қырғыш ұшының сынығы; 7,8-ретушьті отщептер; 9-микропластиналар; 10-пластина; 11-13-пластина сынықтары.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг