Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Қазакстанның киелі географиясы Қазақстанның киелі орындарының географиясы: қорытындысы мен келешегі

Қазақстанның киелі орындарының географиясы: қорытындысы мен келешегі

2017 жылдың сәуірінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланды. Онда халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау туралы айтылды.

2017 жылдың екінші жартысынан бастап Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының мамандары археологтарды, тарихшылар мен этнографтарды жұмылдыра отырып, жоғарыда аталған жобаны жасауға белсене кірісті.

Қазақстанның киелі жерлерінің ертеден келе жатқан тарихы бар. Діни сәулет ғимараттары, қалалар, елді мекендер, қорғандар, қорымдар, ғибадатханалар рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Оның ішінде діни сәулет ескерткіштері ерекше таны­малдылыққа ие, олар осы күнге дейін жақсы сақталып, ел арасында құрметтеліп келеді.

Тарихи-мәдени мұраның басым бөлігі археологиялық ескерткіштер болып табылады, олар Қазақстанның әр бөлігінде орналасқан. Аталған нысандар көне замандардан, тас дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырларға дейін­гі аралықты қамтитын ауқымды хро­нологиялық кезеңдерді қамтиды. Әйтсе де, олардың қай-қайсысы да түбегейлі ғылыми-зерттеулерді, қор­ғауды және қалпына келтіруді, сон­дай-ақ оларды пайдалануда мейлінше ұқыптылықты қажет етеді.

Рухани мұраның тағы бір түрі – киелілігі ежелгі заманнан бері белгілі табиғи нысандар болып табылады. Олардың кейбірі туристердің зиярат ету нысанына айналған, бірақ зерттеу мен ғылыми сараптама өткізуді қажет ететін киелі жерлер деп жарияланды. Тарихи және археологиялық ғылымға енген киелі нысандармен қатар, діни ескерткіштер мен қасиетті жерлер сынды жаңалары да пайда болып жатыр.

Зиярат ету нысанына сонымен қатар көркем, рухани және қастерлі жерлеріміз болып табылады. Олардың көбі – діни ғимараттар. Алайда бұл нысандардың тарихи-көркем байлығының барын анықтай отырып, оларды жаңадан пайда болған қасиетті жерлерден ажырата білу керек.

Тәуелсіздік жылдары, атақты ата-бабаларымыздың есімдерін қайта жаңғыртуға мүмкіндік туғанда, қоғам­дық сана да өзгерді. Діни туризм өзі­нің шеңберіне жыл сайын жаңа аймақтарды жұмылдырып, кең етек жайып келеді. Діни туризм мен атақты ата-бабаларды құрметтеумен байланысы бар киелі жерлерді халықтың зиярат етуі арасында олардың ара-жігін ажырату қажеттілігі туындады.

Қазақстанның киелі нысандарын анықтау мәселесінің өзектілігі сонда, ғалымдар қазіргі кезде еліміз бойынша касиетті жерлерді жүйелеу жұмыстарымен тиянақты түрде айналысуда. Мұндай жүйелеуден соң тарихи-мәдени мұра саласында алаяқ­тықтың таралуына, және осы ретте діни экстремизмнің пайда болуында шектеу пайда болады. Яғни белгілі бір өлшемдер негізінде киелі жерлерді жүйелеу табиғи және басқа да киелі мекендердің тарихи-мәдени сараптама механизмін жасап шығаруға мүмкіндік туады.

Киелі нысандар тізімі үш ұйымның: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Ш.Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология институ­ты, Мемлекет тарихы институты ғы­лыми ұжымдарының алқалық ірік­теуінің негізінде құрылған. Қазақ­стан­ның киелі мекендерінің алдын ала тізімі 574 нысанды қамтиды, оның 278-і 2017 жылы хатталған. Мұрағат-биб­лиографиялық сипаттағы мате­риалдарға, дала зерттеулеріне сүйене отырып, ғалымдар ежелгі кезеңнен қазіргі заманға дейінгі сипаттамасы бар нысандардың тізімін жасаған.

Үлкен Жезді, Қараүңгір, Белқарай тас дәуіріндегі ерекше маңызға ие археологиялық ескерткіштер. Ботай, Қожай, Құмкешу – дала өркениетінің бір белгісі, жылқыны қолға үйрету тарихына қатысты ескерткіштер. Атасу, Мыржық, Талдысай – Орта­лық Қазақстан аумағындағы Жезқаз­ған-Ұлытау аймағындағы ең ірі метал­лургиялық орталықтардың бірі­нің бірегей ескерткіштері. Ерте көшпенділер дәуірінің жерлеу-еске алу және салттық нысандары бар: Талды-2, Шілікті, Есік, Берел,Тақсай және басқалары. Отырар, Сидақ, Жуантөбе, Испиджаб, Сауран – үлкен маңызға ие керемет сәулет және құрылыс шеберлігінің үлгілері бар ор­тағасырлық сауда және шеберлік орта­лықтары деп саналатын қалалар бо­лып табылады.

Қазақстан аумағын бірнеше тари­хи-мәдени ареалдарға бөлуге болады. Олар археологиялық және тари­хи ескерткіштердің мәнділігі жағы­на ықпалын тигізген өзара тығыз бай­ла­ныстылығымен, бірдей дамуымен, экологиялық-табиғи және әлеу­мет­тік-мәдени факторлардың сәй­кес келу ерекшеліктерімен айрық­ша­ланады.

Киелі жерлер халықтың ұзақ және оқиғаларға толы өмірін, халықтың тұр­мысын, тәуелсіздікке деген күре­сін көрсетеді. Қазақстанның киелі жер­лерінің тізімін жасау жұмыстары –архе­ологтар, тарихшылар, этнолог­тар, филологтар мен шығыс­тану­шылар секілді түрлі ғалым­дар жұмыл­ды­рылған мейлінше ұқыпты және ұзақ еңбекті қажет етеді.

Киелі ескерткіштердің көптомдық тізімін жүйелендіру және дайындау бойынша ауқымды жұмысты орындауда соңғы мақсат халықты нығайту және жаңа ұлттық идея құру болуы тиіс. Алынған білімді танымал ету рухани байлықтың көзіне айналады. Киелі нысандар тізімі – Қазақстан халқының үйлесімді дамуының кепілі.

«Аға буынның айтулы еңбектерін жалғастыра келе, біз болашақ ұрпақ нақты қадам баса алатын жол саламыз. Бұл тәуелсіз Қазақстанның даму, өсу және гүлдену жолы болады», –деп Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан қоғамының алдында тұрған міндетті қысқа да, нұсқа жеткізді.

Бауыржан БАЙТАНАЕВ,
ҚР ҰҒА академигі,
Ә.Х.Марғұлан атындағы арxеология институтының директоры

Источник: egemen.kz

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг