2019 ж. 21 және 26 қазаңда Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында И.В. Горащуктың тас құралдарды өңдеу тәсілдері бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Көне дәуірдегі тас құралдарды жасаудың теориялық негіздерін сақтай отырып, тәжірибе жүзінде көрсеткен шеберлік сабағына институт мамандары қатынасып, Қазақстанның тас дәуірімен айналысып жүрген бірқатар жас мамандары да тәжірибе алмасты.