Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар «Сарыарқаның тас мүсіндері» атты кітабының тұсау кесері

«Сарыарқаның тас мүсіндері» атты кітабының тұсау кесері

img 20210716 182848 402-min16.07.2021 Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, аудандық кітапханасында Әсемгүл Қасенованың «Сарыарқаның тас мүсіндері» атты жаңа кітабының тұсау кесері өтті.

Іс-шараға аудан әкімі М.Қ. Ақтаев, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.С. Солтанов; Ш/Қ басшысылары және т. б. қатысты.

Онлайн режимінде А. Х. Марғұлан атындағы институт Бас директорының м. а., т. ғ. к. Т.Б. Мамиров; А. Х. Марғұлан атындағы институттың бас ғылыми қызметкері, т. ғ. к. Ж. Құрманқұлов, сондай-ақ Е.Н. Дауенов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары; Т.С. Төлеуов Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы; Қасеналин А.Е., археолог, PhD доктор, «NurOtan» партиясы «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшесі және педагог-тарихшылар мен кітапханашылар.

img-20210716-wa0024-minОқырмандар назарына ұсынылып отырған монография Сарыарқада тас мүсін жасау дәстүрі екі мыңжылдықтан асатын және қола дәуірінің соңынан орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтитын археологиялық ескерткіштердің жиынтығы – ежелгі және ортағасырлық тас мүсінді зерттеу тарихына арналған. Бұл кітап тас мүсіндерді зерттеудің бүкіл кезеңіндегі далалық зерттеулердің материалдарына, сондай-ақ осы уақыт ішінде жинақталған кең тарихнамаға негізделген.

Қасенова Әсемгүл Дәуренқызы – т. ғ. к., PhD докторы, ғылыми қызметкер, Археология институтының жас ғалымдар кеңесінің төрайымы. Ә.Х. Марғұлан. 1987 жылы Павлодар облысының Май ауданында дүниеге келген. 2019 жылы РФ Кемеров мемлекеттік университеті базасында «Археология» мамандығы бойынша «Сарыарқаның ежелгі және ортағасырлық тас мүсіндерін зерттеу тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, профессор Л.Н. Ермоленконың жетекшілігімен. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық монументалды ескерткіштерін зерттеу мәселелеріне қатысты 30-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.

img-20210716-wa0022-min    whatsapp image 2021-07-17 at 12.13.47-min

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг