Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Қазакстанның киелі географиясы Ақтөбе облысындағы ерте темір дәуірінің элитарлы ескерткіштеріне зерттеу жүргізілуде

Ақтөбе облысындағы ерте темір дәуірінің элитарлы ескерткіштеріне зерттеу жүргізілуде

2021 жылдың шілде айында Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының археологиялық экспедициясы Ақтөбе облысының территориясында орналасқан Батыс Қазақстандағы сарматтарға тән элитарлы ескерткіштерді зерттеу жұмыстарын бастады.

Зерттеу жұмыстары «Ақтөбе облысының киелі орындарының географиясы» бағдарламасы аясында, Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 2021 жылы Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты Ақтөбе облысының ежелгі тарихын кешенді зерттеу және бай тарихи-мәдени мұраларын насихаттау бағытында бірнеше ғылыми жобаларды іске асырады.

«Ерте көшпелілердің элитарлы ескерткіштерін археологиялық зерттеу» атты ғылыми жоба жоғарыда аталған бағдарламаның негізгі ғылыми бағыттарының бірі болып табылады.

Аймақтың ежелгі тұрғындарының діни-дүниетанымдық түсінігі, жерлеу ғұрыптарының ерекшеліктері, мерзімделуі мен кезеңдестірілуі, көшпелі мәдениеттің пайда болуы мен қалыптасуы мәселелерін шешу мақсатында материалдар алу ғылыми жобаны жүзеге асырудың басты бағыты болып табылады.

Батыс Қазақстан өңірі, оның ішінде Ақтөбе облысының территориясында орналасқан ерте темір дәуірі көшпелілерінің ескерткіштері басқа кезең ескерткіштерінен саны жөнінен басым болып келеді. Ақтөбе облысының территориясы б. з. д. І мыңжылдықтың ортасында сармат тайпаларының қуатты бірлестігінің ірі орталықтарының бірі болды. Бұл Ақтөбе облысында орналасқан ескерткіштердің археологиялық зерттеу материалдары және жазба деректермен де расталады. Осы жылы облыстың оңтүстік аудандарындағы көшпелілердің жерлеу-еске алу кешендерін зерттеу жұмыстары басталып отыр.

Қазіргі таңда экспедиция тарапынан Жағабұлақ І және ІІ қорымындағы обалар зерттелуде. Зерттеу нысандары Көкжиде және Құмжарған құмды аудандарында, Жем (Ембі) өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Жағабұлақ І және ІІ қорымдары б.з.д. І мың жылдықтың ортасымен мерзімделеді және ерте темір дәуірі кезеңінде орын алған тарихи-мәдени үдерістерді анықтауда үлкен ғылыми қызығушылық тудырады. 

 i  1.    -min    ii.  -min    i  1.  -min

 
 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг