Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Қазакстанның киелі географиясы Ақтөбе облысынан табылған көне қола қазандар

Ақтөбе облысынан табылған көне қола қазандар

dsc 1074-minЖем өзені бассейінінде орналасқан (Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы) Жағабұлақ І және ІІ қорымдарын зерттеу барысында, археологтар ежелгі көшпелілерге тән бірегей олжалар тапты. Табылған жәдігерлер бойынша бұл аймақтағы жерлеу қорымдары б.з.д. VI–V ғасырлардың соңында пайда болғанын байқауға болады.

 

Жерлеу ғұрыптары мен түрлі санаттағы ақыреттік бұйымдар аталған обалардың ерте сарматтардың кезінде салынғанын көрсетеді.Табылған жәдігерлердің ішінде қола қазандар ерекше назар аудартады. Жағабұлақ І қорымындағы екі обадан Батыс Қазақстан аймағы үшін сирек болып табылатын үш қола қазан анықталып отыр.

Қазандар пішіні жартылай шар тәріздес болып келген, қабырғасының жоғарғы жағына бекітілген тұтқалары бар. Зерттеу жұмыстары көрсетіп отырғандай, мұндай жәдігерлер сарматтардың элитарлы жерлеулерінде кездеседі.

dsc 0876-minӘдетте қола қазандар тағам дайындау үшін қолданылады, дегенмен, аталған қазандардың ер адам жерленген қабірлерден анықталуы, діни-ғұрыптық мақсатта да қолданылуы мүмкін деген ойға итермелейді. Ғалымдар көшпелі қоғамдардағы қола қазандар тарулы түрлі пайымдаулар жасаған және Еуразия даласындағы көшпелілер қола қазандарда құрбандыққа шалынған малдың етін дайындаған болуы мүмкін.

dsc 1092-minАқтөбе облысы бүгінгі таңда қола дәуірінен бері өндіріліп келе жатқан рудаға бай аймақтың бірі болып табылады. Сармат обаларынан қола қазандардың табылуы, б. з. д. І мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның батыс өңірі мен көрші аймақтарда мыс кен орындары мен қола құю ісінің жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.

 
 
   
 
2021 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг