Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар «Марғұлан оқулары – 2021»: «Ұлы дала этномәдени зерттеулер контекстінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Марғұлан оқулары – 2021»: «Ұлы дала этномәдени зерттеулер контекстінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 26-27 қазанында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұйымдастыруымен «Марғұлан оқулары – 2021. Ұлы дала этномәдени зерттеулер контекстінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған іс-шара   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналды.

Конференцияға  Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Түркия, Румыния сияқты жақын және алыс шетелдерден, сондай-ақ Қазақстанның 15 қаласынан жүзден астам ғалымдар арнайы келіп және қашықтан қатысты.

Жетекші ғалымдар зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстарының нәтижелері туралы кеңінен баяндады. Конференция  археология саласындағы ғылыми қауымдастық арасында ақпарат алмасу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның әлемдік деңгейде ғылыми ортаға бірігуі сынды маңызды мәселелердің алаңына айналды.

«Марғұлан оқулары – 2021» конференциясы аясында «Қазақстан археологиясы: дамудың өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда отандық археология ғылымының өзекті мәселелері келесі бағыттар бойынша талқыланды: 1) археология ғылымын ұйымдастыру мәселелері; 2) Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын қорғау мәселелері; 3) ғылыми кадрларды даярлау мәселелері; 4) Қазақстанның археология ғылымы дамуының келешегі.

  Дөңгелек үстел  қорытындысы бойынша «Қазақстан археологиясының дамуы туралы» қарар қабылдау жөнінде ұсыныстар қабылданды. Жиын соңында конференция материалдарының үш томдық жинағы шығарылады.

1 2
3 4
 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг