Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Ресей ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтымен ынтымақтастық Меморандумы

Ресей ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы институтымен ынтымақтастық Меморандумы

2021 жылдың 26 ​​қазанында Алматыда ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Ресей Ғылым академиясының Материалдық мәдениет тарихы институты арасында ынтымақтастық меморандум қабылданды. Екіжақты келісімге Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы және Материалдық мәдениет тарихы институтының міндетін атқарушы Андрей Поляков қол қойды.

Аталған құжаттың негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу және мұражайлық-экспозициялық қызметтері бойынша ынтымақтастыққа бағытталған бірлескен іс-шаралар кешенін жоспарлау және оны жүзеге асыру. Тараптар Ресей мен Қазақстанның тарихынан сыр шертетін археологиялық және құжаттық деректерді анықтау, зерттеу, қалпына келтіру, және көпшілікке кеңінен таныстыру үшін өзара ұйымдастырушылық және ақпараттық әлеуетін пайдалануға келісті. Сондай-ақ, олар бірлесе отырып, ғылыми еңбектер жазу мақсатында археологиялық зерттеулерді ұйымдастыруға қолдау көрсететін болады.

 Жалпы, бұл меморандум екі ел арасындағы үзілген байланысты қайта нығайтуға және Қазақстан мен Ресейдің ежелгі тарихын зерттеуде оң өзгерістер әкелері анық.

1

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг