Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті КеАҚ арасында ынтымақтастық жөнінде  Меморандум қабылданды. Екіжақты келісімге институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова қол қойды.

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен ұзақ жылдар бойына өзара  ынтымақтастықта қызмет етіп келеді. Атап айтқанда, "Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың  жеті қыры" бағдарламаларын жүзеге асыру аясында екі ұйым бірқатар ғылыми іс-шараларды ойдағыдай табысты жүргізіп келеді.

Тараптар Қазақстан Республикасының археологиялық артефактілері мен тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеудің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында өзекті мәселелерді қарастырды. Ынтымақтастық  аясындағы кездесуде Қазақстанның ежелгі, ортағасырлық тарихын зерттеуге арналған  ғылыми экспедициялар, конференциялар, семинарлар өткізуге келісті.

Аталған құжат  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ә. Х. Марғұлан археология институтының 30 жылдығына арналды.

1

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг