Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы ынтымақтастық меморандумы

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы ынтымақтастық меморандумы

2021 жылы 26 қазанда Алматы қаласында ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталығы ынтымақтастық туралы меморандум қабылдады. Екіжақты келісімге Институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен Орталық директоры Рақат Мамбеталинов қол қойды.

Кездесу барысында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар мен ғылым және білім беру саласындағы мамандарды даярлау бойынша өзекті мәселелерді көтерді. Ынтымақтастық аясында ұйым өкілдері білім беру ұйымдарында дәріс оқуға, ғылыми-әдістемелік жұмыс әзірлеуге және басқа тарихи қазба жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе   алмасатын болады. Сондай-ақ,  ғылым мен мәдениетті дамытуға арналған бірлескен конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізе отырып, өзара ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.

Сонымен қатар, екі тарап білім беру бағдарламаларын әзірлеуді басты ҚР БҒМ мен ҚР МКМ мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде гранттарға бірлесіп өтінім беруді назарға алды.  Меморандум ежелгі Қазақстан тарихын зерттеуде аймақтық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

2

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг