Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Жаңалықтар «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» тақырыбында семинар өтті

«Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» тақырыбында семинар өтті

2021 жылдың 18-қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесе отырып, «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі мен репрезентациялау» атты Халықаралық ғылыми семинар өткізді.

Ежелгі технолгияларды зерттеу мен репрезентациялау тәжірибесіне арналған шарада ғылыми ұжымдардың монографиялары тыңдалды. Олардың арасында «Бозоқ» тарихи-мәдени қорық-музейі мен Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының мамандары және танымал этнологтар бар. Ғалымдар ел аумағынан табылған алты бірдей ірі метал өңдейтін тарихи орындар жайлы тың деректерін ортаға салды.

Семинардың жұмысына Қазақстан мен Ресейдің археометаллургия саласында беделді ғалымдары қатысты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Ә.Х. Марғұлан Археология институты филиалының директоры Азат Айтқали, Антонина Ермолаева, Дархан Байтілеу, Альбина Ержанова сынды бірқатар институттың ғылыми қызметкерлері бар.

Жиын барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев ежелгі металлургияның дамуы қола дәуірінің технологиялық серпілісіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі ежелгі тау-кен металлургия орталықтарын кешенді зерттеу бойынша зерттеулерді жандандыруды ұсынды.

1994 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері Талдысай ескерткішін кешенді түрде жаратылыстану ғылымдары мен эксперименталды модельдеу әдістерін тарта отырып, далалық және зертханалық зерттеулер жүргізіп келеді. Осыған орай, Сарыарқаның тау-кен металлургия орталықтарындағы ежелгі металлургиясын зерттеудің нәтижелері туралы баяндады.

Атап өтсек, Антонина Ермолаева музей құрылған күннен бастап тау-кен және балқыту ісі музейінің ғылыми қызметкерлері үшін тұрақты кеңесшісі.  Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері  Альбина Ержанованың Ежелгі металлургтер қоныстарындағы тас құралдарын трасологиялық зерттеуге арналған баяндамасы көпшіліктің қызығушылығын туғызды.

1 2
1 2
1

 

Толығырақ мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://qazaqstan.tv/index.php/news/148316/?fbclid=IwAR1p3iWGSj5-4cLvpgjEJv06oWSNEWrJN_6nBt6xRvT4SbsG7Xr3NYFbm0c 

https://www.youtube.com/watch?v=HcyOehFWQZI

 

Комментарий қосу



Security code
Басқасын көрсету

 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг