«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК мен ҚР БҒМ ҒК «Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты» ШЖҚ РМК арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Екіжақты келісімге Институттың бас директоры Ақан Оңғарұлы мен Басқарма Төрағасы – музей директоры Қуаныш Шақшақов қол қойды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: Қазақстан археологиясының мәселелерін терең және жан-жақты зерттеуге бағытталған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды даярлау; өзара қызығушылық білдіретін салалар бойынша жоғарғы білікті маман даярлау; тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау мен пайдаланудағы бірлескен жұмыстарды жүргізу.
Меморандум шеңберіндегі өзара іс-қимыл бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге; ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысуға, жарияланымдармен алмасуға бағытталады.
«Ботай» музей-қорығы – Қазақстан Республикасы аумағындағы бірегей тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің бірі.