Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Ой-Жайлау жайлауындағы 2009 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі

Ой-Жайлау жайлауындағы 2009 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулердің есебі

Далалық маусымның  жоспары бойынша  Ой-Жайлау-8 обасының 8 және 9 қорғандарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. 8-қорғанның жерлеу орнын зерттеу аяқталып, 9-қорғанның тас конструкциясына кесік түсірілді және жоспары сызылды.
Маусым бойына екі тас қоршаудан тұратын ежелгі түріктік кешен зерттелді. Оларда басында ер адам бейнесіндегі тас мүсіндер болды. Жалғастырылды
8 қорғанның астындағы жерлеу орнын зерттеу обаның тонаушылар кесірінен толықтай жойылғанын, тоналғанын көрсетті. Қорғанның тас сақинасы толықтай бұзылып, жекелеген тастар мен тас үйінділері ретінде ғана қалған. Обаның солтүстік-батыс жағындағы тастар тонаушылармен алынып тасталып, бұл жақтан обаға тонау жолы салынған.  Адам қаңқасы тонаушылар әсерінен толлықтай жойылған,  онда тіпті бас сүйек те сақталмаған. Жинақталған жәбігерлер есебінде керамикалық ыдыстар қалдықтарын көрсете аламыз. Ескерткішті нақты кезеңдеуге мүмкіндік беретін негіз жоқ.
9 қорған диаметрі 5,2-5,3, биіктігі 0,6 болатын тас қалау түрінде болған. Қалаудың оңтүстік-батыс бөлігінен орталыққа қарай тастармен тотырылмаған өзіндік «дәліз» байқалады. Обаның ірі тастардан құралған жамылғысы бұзылмай сақталған. Жерлеу орнынан басы солтүстік-солтүстік-шығысқа бағытталып, шалқасынан созылып жерленген жасөспірімнің сүйегі табылды.оның бас сүйегінің жанына құстың бас сүйегі аршылды.  Обаның шығыс қабырғасын бойлай жерленген сүйектің сол жақ шынтағының түбінен вертикалды ұстағышы бар керамикалық ыдыс қойылған ниша табылды, сондай-ақ бұл жерде темір пышағы бар қойдың төменгі омыртқасының бөлігі және құс сүйегінің қалдықтары табылды (?).
Жерлеу ғұрпының символикалық жағы жақсы көрінген: тас жамылғының беткі қабатынан құмнан жасалған қызыл-күлгін түсті қайрақ , тас жамылғының тастары арасынан қызыл-күлгін түсті доғал құм тақта секілденіп істелген  тас алтарь, тас жамылғының солтүстік секторында қорған тастарының астында, топырақ қабатына сұғылған  қола біз табылды. Қорған алңынан мойыны жіңішке ыдыстың  тас қақпағы,  тастардың арасында немесе астына қойылған керамика кешені табылды. Обаның толтырылуы арасынан бор жиынтықтары байқалады.
. Қорғаннан солтүстік-батысқа қарай 11,2 м қашықтықта  құрбандықтың 7-тас шеңбері табылды.  Ескерткіш жақсы сақталған, оның мәдени – хронологиялық атрибуциясы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Далалық материалдарды өңдеу және мәдени – хронологялық атрибуциялау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 9 - қорғанның жерлеу ғұрыптары және жерлеуден кейінгі өзгерістер туралы кейбір мәселелер анықталды.
Антрополог А.Исмагулова дайындаған антропологиялық анықтамалары жерленген индивидтің антропологиялық түрін анықтауға мүмкіндік берді; жасы 15-16-да, жыныстық белгілері анық байқалмайды, антропологиялық белгілері – европалық және монғолоидтық нәсілдердің араламқан түріне жатады.
Қаңқаның екі қолының  буындарының және оң аяғының тізе ұршығының жоқ екендігі анықталды.
Жоспарда тіркелген қорған жамылғысының оңтүстік-батыс шетінен  орталыққа қарай бағытталған  дәлізтектес құрылыстың болуы, сондай ақ обаны тазалау жұмыстары барысында еденге себілген бордың қалдығының табылуы және обаға кіретін «ойықтың» салынуы   - белгілі бір өлген адам зияншылығын жою мақсатында жасалғанын көрсетеді.  Мүмкін осындай әрекеттердің әсерінен оң қолының сүйек асты сүйектері шамамен 1 метр оңтүстікке қарай  қашықтықтан, ал тас алтарь мен қайрақ болса қорғанның бетінен  табылды.
9-қорғаннан табылған жәдігерлер арасынан жерлеу камерасының шығыс қабырғасынан табылған керамикалық ыдыс үлкен қызығушылық тудырады.
Керамикалық ыдыс түбі дөңгелек, тұлғасы да дөңгелене біткен қысқа мойынды және сыртқа қайырылған жақтаулы. Ыдыс  биіктігі 11,1-11,3 см., диаметрі – 13,5 см. Ыдыстың жоғарғы бөлігінде вертикальды орнатылған ұстағышы бар.ыдыс қолмен жасалған, ернеуінің кейбір түзу емес жерлері құмыра денесінің жақсы оюланған жоғарғы бөлігінің айшықтылығымен аса көп көзге түспейді.оюлар белдеу түрінде салынған.
Жалпы белгілері бойынша бұл ыдыс үйсін дәуірінің ыдыстарына ұқсайды. Дегенмен талдап зерттеу бұл ойдың негізсіздігін байқатады. Дөңгелек денесі мен вертикальды ұстағышының болуы үйсін саптыаяқтарына тән белгілер, бірақ олардың ернеулері болмайды және оларға бетіне салынған оюлар тән емес.
Бүгінгі таңда осындай оюлы  ыдыстың толық  аналогы кездеспеді, ал жекелеген элементтерінің ұқсастығын кездестіруге болады. Оюлары бар керамикалық ыдыстар Жетісудың жерлеу кешенінде, сақ үйсін дәуірі қорғандарында да кең таралмаған. Белдеу түріндегі оюлар Шұбарат 1 және Каменка обаларының қорғанындағы жерлеу орындарынан кездескен.
Қорғанды кешеннің мәдени-хронологиялық атрибуциясы бойынша жүргізілген жұмыстар бұнде бірнеше мәдени дәстүрлердің элементтері байқалатынын көрсетеді.  Кешендегі зерттеулер жалғасуда.
Балбал тастары бар тас қоршаулардың жаңа кешенінде зерттеулр басталдыкешен жайлаудың  оңтүстік беткейінде орналасқан және 23 номерімен жайлаудың археологиялық картасына енді.
Қазба жұмысы барысында екі қоршау тазаланды, олар шаршы түрінде солтүстіктен оңтүстікке қарай түзу бойымен орналасқан олардың қабырғалары арасындағы қашықтық 1,2 м болады. Екі қоршау да тонаушылар әсерінен қирағаны анықталды.
Солтүстік қоршау қабырғасымен жерге көмілген 1-2 плиталардан тұратын вертикальды қабырғалары бар тас жәшік түрінде сақталған.  Қабырғалардың ұзындығы 2,2-2,4 м. Қоршауды толтырған тастар толықтай сыртқа лақтырылып тасталған.
Балбал тас қоршаудан шығысқа лақтырылып тасталған, онымен қатар шығыс қабырға құлаған. Тонаушылар қоршауларды қабырға негіздеріне дейін қазып тастаған.
Екінші оңтүстік қоршау біріншіге параметрлері бойынша ұқсас болып келгенмен, оған қарағанда қатты қираған. Қабырғалары кезінде тігінен қойылған 1-2 плиталардан тұрғызылған. Олардың өазір тек солтүстік және батыс қабырғалары ғана вертикальды формада қалғандары сындырылған және құлатылған.  Балбал тасы да құлап жатыр. Қоршау негіхзделген тонауға ұшыраған: қоршаудың ішкі бөлігі қазылған, бірақ толтырылған тастар сыртқа шығарылмаған, тек орындары ауыстырылған. Зерттелген кешен балбал тастардың қоршаудың ортасына, беті шығысқа қарап орнатылғанын байқатады.
Балбал тастар ұзындықтары 225 см және 243 см арнайы таңдап алынған тастардан жасалған. Тастардың бас жағында бейнесі салынған.солтүстік қоршаудың кейіпкері көздері бір біріне жақын орналасқан, ұзын мұрынды, мұрты және сакалы бар  ер адам бейнесінде, оңтүстік балбал таста оған қарағанда жастау, щошақ сақалды, басында қалпақ секілді бас киімі бар кейіпкер бейнеленген.
Аталған жерлеу кешені біз бір жыл бұрын зерттеген Ой-Жайлау – 8 обасындағы жерлеу кешенімен мәдени және хронологиялық байланыста екені анықталды. Екеуі де ер адам бейнеленген балбал тастары бар, және екеуінің де оңтүстіктегісі қалпақпен. Ерте түріктік кезеңнің балбал тастары арасында мұндай бейнелер белгілі болған емес. Осылайша Ой-Жайлау жайлауында жүргізілген соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша әзірше белгісіз культті бейнелерді көрсететін жаңңа иконографиялық түрдегі балбал тастар анықталды. Шамалауымызша, Ой—Жайлау балбал тастары Ой-Жайлау мен Тамғалы тасқа салынған кейіпкерлер арасынан өз ұқсастықтарын табуы мүмкін.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг