Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 
Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Арал-Асар мекенжұрты мне Кердері 2 кесенесіндегі далалық зерттеулер 2009 ж.

Арал-Асар мекенжұрты мне Кердері 2 кесенесіндегі далалық зерттеулер 2009 ж.

Байпақов К.М., Воякин Д.А., Долгушев А.С., Құдабаев Ш.А., Сорокин Д.В.

Шартты түрде Арал-Асар деп аталған қалажұрт, Қызылорда қаласының солтүстік-батысында 370 км жерде орналасқан қазіргі Қаратерең ауылынан 65,2 км жерде орналасқан. Бұл ауыл бұрын Аралдың жағасында тұрған, қазір теңіз одан 320 км-ге алыстап кеткен. Қалажұрттың жалпы ауданы 6 га-дай. Бетінен көптеген шаруашылық заттар: диірмен тастары, керамикалық ыдыстар мен сынықтары, темір және қола бұйымдар сынықтары табылды. Құрылыс конструкцияларын қазір жер бетінде байқау қиын. Олар Аралдың суымен шайылған. Елді мекеннің тұрғындары егіншілікпен айналысқан, астық өсірген. 14 диірмен тасы мен қасында орналасқан астық сақтайтын қоймалар – құмдандар табылды. Ұн шығару өндірісі дамыған болатын. Жинап алынған көк, қою-көк және қара түсті сырлы керамика қалажұрттың XIV ғ. Аяғында өмір сүргендігінің дәлелі.
Мекенжұрт беті жыңғыл мен сораң өскен төбешікті болып келген. Мекенжұрт бетін жартылай құм басқан, тұзды ақ және сұр қақ қатып, қабыршақтармен көмкерілген. Қызыл және сұр сазды керамика сынықтары кездеседі.
Қазба мекенжұрттың солтүстік бөлігінде салынды.
Қазба орны төшікті болып келген, беті жартылай сұр түсті ұсақ құммен көмкерілген.
Бетінде құрылыстардың құм басқан кесек қабырғалары байқалады. Қазба көлемі 30-17,5 м, жандары дүниенің төртбұрышына қараған.  
Жоғарғы қабат.
Қабат борпық, қою-сұр түсті. Топырағы қорысты, қабыршақты, ішінде шіріген өсімдік қалдықтары мен тамырлары кездеседі, сонымен қатар ашық-сұр түсті ұсақ құмнан тұрады.
Бұл қабаттан шарықта жасалған қызыл және сұр сазды керамика сынықтары, сыртынан қызыл ангобпен көмкерілген керамика, және қызыл және сары түсті қыш сынықтары табылды. Қабатта кездескен остеологиялық материал ұсақ және ірі қара малдың сүйектерінен тұрады.
Қазбаның батыс қабырғасы жанынан тандыр сынығы табылды. Оның ішкі жағында қиылысқан таспалар сызылған. Тандырдың жанынан қызылсазды құмыра тұтқасы табылды. Тұтқа кесіндіде доңгелек келген, жақсы иленген саздан жасалған.
Кесек қабырға жанынан тазалау барысында ысталған ернеу сынығы қызылсазды ыдыстың тік және толқынды сызықты қабырғасы табылды.
Тазалау барысында қазбадан түрлі көлемдегі темір шлагы мен керамика сынықтары табылды. Қабырғадан 42 см жерде крицаның жалпақ бөлігі мен темір рудасының ұсақ сынықтары табылды. Крица маңынан тұтқалары жартылай сақталған құмыралар фрагменттері аршылды. Тұрқалар кесіндіде сапақша келген, жақсы иленген саздан жасалған. Тұтқаның сыртқы жағында науасы бар. Фрагменттердің бірінде ыдыс бүйіріне жапсырылған тұсына көлденең қайталанатын сызықтар түріндегі өрнек салынған.
Бұл қабатта ұсақ күйген ағаштар кездеседі. Қазбаның солтүстік-батыс бөлігінде тот басқан екі темір зат табылды.
Қазбаның солтүстік қабырғасынан 178 см жерде, П-тәрізді бөлменің кесек қабырғасынан 1 м-дей жерде тот басқан темір сақина табылды. Сақина диаметрі 26 см, қалыңдығы 5-3 см.
Қазбаның оңтүстік бөлігінен солтүстікке қарай құм басқан кесек қабырға созылған қабырғаларының бойын тазалау барысында, сонымен қатар, қабырға мен бөлменің қабырғасының арасын тазалау барысында қызылсазды және сұрсазды жұқа қабырғалы шарық керамикасы фрагменттері табылды. Одан басқа, аталған керамика ішінде тағара ернеуі де болды. Ернеудің шығыңқы жақтауы бар. Жоғарғы жайдақ бөлігінде толқынты өрнек салынған. Қабырғалар арасын тазалау барысында толқынды және тік сызықтеры бар ыдыс бүйірлері, түптері табылды.
Қазбаның  барлық аумағында уақталған қой сүйіктері кездеседі. Ірі қара малдың қуысты сүйектерінің бір бөлігінде от іздері бар.  
Сипатталған шаруашылық бөлмелер тұтас тұрғын және шаруашылық кешенге кірген, және тұрғын бөлмелер маңында орналасқан. Бұлардың шаруашылық бөлмелері болғандығын, олардың ішінде жылыту жүйесі мен ошақтардың болмауынан білуге болады.

2009 жылғы қазба барысында табылған Арал-Асар мекенжұртының керамикалық кешені

Арал-Асар мекенжұртының керамикасы негізінен қызыл және сұр түсті саздан шарықта жасалған бұйымдардан тұрады. Сыртқы және ішкі беттері қызыл, қоңыр-қызыл, қара және ашық түсті ангобпен көмкерілген. Табылған материал арасында өрнектелген және өрнексіз, қажың және жұқа қабырғалы керамика кездеседі.
Қалажұртта ұсақталған түрде табылған ыдыстардың негізгі түрі асханалық және асүйлік ыдыстар бүйірлерінен: көзе пішінде ыдыстар, жіңішке мойынды құмыралар, ернеулері қайырған мойындар, бір тұтқалы, түрлі конфигурациялы бұйымдардан тұрады.
Тұтқалы құмыра мен кіреңкелер.
2009 жылғы қазба кезінде жиі табылған керемикадан құмыра мен кіреңке типтес «асханалық» ыдыстар мен сұйықтықтар сақтайтын ыдыстарды атауға болады.
Мекенжұрттағы қазба барысында құмыралар мен кіреңкелерге жатқызуға болатын жұқа қабырғалы керамика сынықтары, тұтқалы мойын, керамикалық тұтқалар сынықтары, тұтқалар, бүйірлер мен түптер табылды. Ыдыстар сазы жақсы иленген, біркелкі күйдірілген. Аталған ыдыстар ішінде қызыл, қоңыр-қызыл, ашық және қара ангобты, ашық-қоңыр ангоб ағызылған, жылтыратылған үлгілері кездеседі. Беті бұдырланған құмыра бүйірлері кездеседі. Құмыра мен кіреңке фрагменттерінің бір бөлігі көлденең және толқынды сызық түріндегі өрнекпен безендіріліген.
Тұтқасыз құмыраның бір фрагменті бар. Құмыра шарықта жасалған, сұр сазға құм мен ұсақ кварц көптеп қосылған. Ыдыстың беті дөрекі, қотырлы. Ернеуі жоғалған. Ернеу астында, мойнында белдемше бар.
Жақсы иленген саздан шарықта жасалған, біркелкі күйдірілген қызылсазды көзе фрагменті табылды. Ыдыстың сырты отқа ұзақ уақыт тұрып күйген. Ыдыстың сыртқы беті жылтыратылған. Ернеуі жоғалған. Мойны ерекшеленбейді. Мойнында көлбеу кертпелі белдемше жапсырылған. Жапсырмалар өрнек элементтері болса керек, жандары мен үстіңгі жағы осындай өрнекпен жиі.
Басқа фрагменттер беті жылтыратылған, қызыл және қара ангобпен көмкерілген көзе ернеулерінен тұрады.
Домалақ кішкентай тұтқалы саптаяқ сынығы табылды. Саптаяқ жақсы иленген, ұсақталған кварц қосылған саздан жасалған. Саптаяқ беті қотырлы. Тұтқасы қолдан жасалған, үшбұрыштанып келген. Қабырғасы жұқа, бүйірі сәл майысқан. Саптаяқтың жоғарғы жағы сақталмаған.
Қалың және жұқа қабырғалы ыдыстардың түптері түп жағының фрагменттері табылды. Түптер жайдақ, жақсы иленген қызыл және сұр түсті саздан шарықта жасалған. Кей фрагменттер түп ждағының қабырғаларын сақтап қалған. Ол ыдыстың пішіні мен қызметі туралы айтуға мүмкіндік береді. Көбісінің сыртқы жағы қызыл түсті ангобпен көмкерілген. Кей фрагменттерде сыртқы жағынан жылтырату іздері сақталған.  
Көзе, банкі мен саптаяқтардың түп жағы қабырғалары шығыңқы келеді, диаметрі, қалыңдығы мен саз сапасы жағынан ерекшеленеді. Құмыра мен кіреңке түптері көзе тәрізді ыдыстардан түптерінің қалыңдығымен, әдемі формасы мен жасау сапасы жағынан артық келеді. Түптері жайдақ, қызыл, сұр және сары саздан шарықта жасалған. Ыдыстардың басым бөлігінің саз сапасы нашар. Жақсы иленген, құм мен ұсақ кварц тастарының қоспасы бар. Фрашменттердің бір бөлігінде қызыл және қою-қошқыл ангоб пен жылтырату іздері сақталған.
Дастархан жақтауының фрагменті табылды. Ұсақ құм қосылған, жақсы иленген саздан жасалып, біркелкі күйдірілген. Жақтаудың сыртқы жағы ішке қарай сәл еңіс. Жақтаудың сыртқы жағы толқынды сызықтармен безендірілген. Жақтау биіктігі 2 см.
Алынған керамика арасында тандыр фрагменті де бар.  керамики найдены фрагменты стенок тандыра. Уақталған кварцит пен құм қосылған, жақсы иленген саздан жасалған. Тандыр бірнеше бөліктен шарықта жасалып, сосын бір-біріне жапсырылған. Ішкі жағынан өзіндік өрнекті құрайтын таспалар сызылған.
Арал-Асар мекенжұртын қазу барысында сырлы керамика табылмады.
Алынған нәтижелер бойынша сипатталған керамика жергілікті құмырашылар жасаған деп болжауға болады.
Осы тектес керамика кейінгі ортағасыр дәуіріндегі төменгі және орта Сырдария аймағындағы қалалар мен мекендерде 14 ғасырдың ортасында қолданыста болған.
Кердері 2 кесенесінде оңтүстік-шығыс қабырғасы нысанның құлаған бөлігінің жағдайын анықтау мен безендіру материалын жинау мақсатында аршылды. Жұмыс нәтижесінде 10 шаршы м аумақ 20 см тереңдікте аршылды. Қабырғаның аршылған бөлігі қиранды түрінде, өте нашар жағдайда екені анықталды. Қирандыларды аршу барысында трапеция пішінді сырлы қаптама тақталарының сынықтары табылды. Алынған материалдар негізінде кесене 14 ғасырмен нақты мерзімделеді. Кесене Орта Азияда көп таралған бір камералы, күмбезді, орталық ості композициялы типке жатады.

Сурет 1. Қазба жұмыстары аяқталғаннан кейінгі жалпы көрініс. Солтүстік шығыс бағытта.

Сурет 2. Арал-Асар мекен жұрттың топографиясы.Нысандардың орналасу схемасы.

2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг