Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра 2009 жылғы далалық маусымдағы Жанкент қалажұртын зерттеу жұмыстары

2009 жылғы далалық маусымдағы Жанкент қалажұртын зерттеу жұмыстары

Байпақов К.М., Воякин Д.А., Долгушев А.С., Антонов М.А., Құдабаев Ш.А., Сералы Н.

Янгикент Х ғ. Оғыз билеушілерінің астанасы мен қысқы резиденциясы болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Жаңа Гузияны таңдау көптеген жағдайларға байланысты болды. Олардың ең бастысы Янгикенттің тиімді географиялық орналасуы болды. Ол Отра Азияның ірі егіншілік оазистерінің тоғысында орналасты. Жаңа Гузия оғыз даласын Хорезм, Мәуереннахр және Хорасанмен байланыстыратын дәліз болды. Сырдария қалалары оғыз жабғуларының құрғақтағы және өзен саудасының маңызды нүктелері болды. Ибн Хаукал Сырдария мен «жаңа мекенге» астық пен нан тиеген қайықтар жүрді деп жазады. Янгикент қимақ даласына, Сарысу, Кеңгір, Есіл мен Нұра алқаптарына баратын керуен жолында  тұрды. Жол Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратын сауда жолымен тоғысатын.
Оғыздар астанасының қалдықтары қазірге дейін сақталған. Бұл Арал маңындағы Қазалыдан қашық емес жерде орналасқан Жанкент қалажұрты.
Жанкент қалажұртының пішіні тік бұрышты, шығыстан батысқа қарай созылған, шығыс бөлігінде кеңейе түседі. Көлемі 375x225 м (шығыс бөлігінде 300 м). Батыстан шығысқа қарай бас көше тартылған, одан тік бұрыштан кіші көшелер таралған. Солтүстік-батыс бұрышында көлемі 100x100 м, биіктігі 7-8 м, шаршы пішінді цитадель орналасқан. Қалажұрттың сыртқы қабырғалары, шығыстағысынан басқасы, биіктігі 8 м-ге дейін жалға айналған. Оның бойында кей жерлерінде кең тұстары – бұрынғы мұнаралар орны бар. Шығыс қабырға басқаларға қарағанда жақсы сақталған. Оның негізінде көлемі 40х40х9 см кесектен қалақ байқалады. Оның үстінде биіктігі 3 м биіктікке сақталған пахса қалағы бар, олардың арасында қамыс қабаттары бар.
Шығыс қабырғаның ортасында қақпа алды құрылысы сақталған. Ол ұзындығы 15 м (оңтүстіктен солтүстікке қарай) жарты дөңгелек түріндегі құрылыс. Қақпа солтүстік шетінде қабырғаға перпендикуляр орналасқан. Кіреберіс екі шығыңқы мұнарамен күзетіледі.
Көптеген зерттеушілер шығарған қорытынды төмендегіше: қалалар мұнда біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларында пайда болған, олардың негізін  жергілікті халық қалаған. Қалалық мәдениеттің қалыптасуына Жеасар мәдениеті мен Хорезм ықпал етті. Х-ХІІ ғғ. бұл қалалар өзіндік, соның ішінде қалалық мәдениет жасаған көне түркілердің мал шаруашылық-егіншілік және балық аулау аралас экономикасының отырықшы және қалаланған компонентін құрады.
Әрине, «оғыздық» деген атау, олардың негізін оғыздар қалады деген сөз емес – бұл олардың бұл жерде оғыздар үстемдік құрған кезіндегі саяси иелігін білдіреді. Жетісу, ора Сырдария, Сары Арқаның ортағасырлық қалалары сияқты бұлар да өзіндік мәдениеті бар и қаңғарлар, қаңлы, қарлұқ, қимақ, қыпшақтар тұрған түркі қалалары болды. Қала тұрғындары арасында соғдылықтар мен хорезмдіктер де болды.
Жанкент қалажұртының әртүрлі бөліктерінде бернеше шурфтар салынды, олар ескерткіштің стратиграфиясын анықтады.
Қалажұрттағы қазбалар жоғарғы ұүрылыс қабаттарының конструецияларын анықтап, өзіндік керамика кешенін алуға мүмкіндік берді. Керамика кешені Отырар оазисі қалажұрттарын қазу барысында алынған қанғар және оғыз керамикасына өте жақын.
1867-1868 жж., сосын 1869-1870 жж. Оңтүстік Қазақстанда белгілі орыс баталист-суретшісі В.В.Верещагин болып қайтты. Ол да Жанкентте қазба жүргізіп, керамика коллекциясын жинады. Олардың және басқа да зерттеушілер тмен саяхатшылардың жаңа, белгісіз аймақтың жарқын сипаттамалары, Ресей қоғамында Түркістанның тарихы мен өнеріне қызығушылық тудырды. Белгілі өнертанушы В.В.Стасов жергілікті археологиялық ескерткіштерді антикалықтармен қатар қойып: «...Жанкент маңындағы ескі қаланың неге Помпейіміз болмасқа» - деп  жазды.
Сырдария алқабының көнеліктерін зерттеудегі келесі кезең археология әуесқойларының Түркістан үйірмесі мүшелерінің жұмысымен байланысты. Үйірме 1895 ж. Ташкентте В.В. Бартольдтың ғылыми демеуімен ұйымдастырылды. Ол интеллигенция, әскерилер, шенеуніктер, Түркістан археологиясымен өз мүмкіндіктері мен қызығушылығы арқасында айналысып жүрген адамдарды біріктірді. Олар Түркістан үйірмесінің жинақтарын шығарып тұрды, онда ғылыми мақалалар, олжалар туралы ақпараттар, археология және архитектура ескерткіштеріне саяхаттардың есебін жариялап тұрды.
Жанкент археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің мүшелері В.Каллаур, В.Смирновтар сипаттамасын жазды.
1946 ж. С.П.Толстов бастаған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы алдын ала жұмыстарын жүргізді. Қалажұрттың топографиялық жоспары түсіріліп, бетінен керамикалық материал жиналды. Алынған материалдар негізінде қалажұрт тұрғындарының кешенді егіншілік-малшаруашылық-балықшылық шаруашылығы туралы, Хорезммен тығыз шаруашылық-мәдени байланысы туралы, қаланың оғыздарға тиесілі екендігі туралы пікірлер айтылды.
Қалажұрт цитаделін археологиялық зерттеу 2006-2008 жж. Қазбаға батыстан жалғасқан қазбада жалғастырылды. Қазбаның ұзындығы 20 м, ені 10 м. Барлығы 200 шаршы м. Беті тегіс, аздаған төмпешікті болып келеді. Төмпешіктер кейінгі мүрделер болып шықты. Бетінде ешқандай материалдар, тіпті сүйек те жоқ. Жоғарғы қабаты (1) ~ 20-30 см тереңдікте алынды (1-сурет). Қазба көлемі шамамен 10х20м.
Қазба барысында цитадель көшесі мен оның екі жағындағы жаңа бөлмелер аршылды. Солтүстік-шығыс жағында кесектен қаланған ғимарат аршылды. Ол 2006-2008 жж. аршылған бөлмелерге жапсарласады. Бөлмелерде тікбұрышты және домалақ пішінді ошақтар анықталды, айналасында керамика фрагменттері, мал сүйектері, темір бұйымдар табылды. 16-бөлмеде қабатты алу мен тазалау барысында сынған ыдыстар табылыды, олардың қасында терракоталық құс жатты. Құс ұлар болуы мүмкін.
Қазбаның оңтүстік-батыс бөлігінде, цитадель көшесінің бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай, кесектен қаланған бірнеше бөлмелер аршылды. Бөлмелерді қазу барысында, еденде күл мен күйген ағаш іздері анықталды. Сыпаның бетіндегі күл мен күйген ағаш қабатында керамикалық ыдыстардың фрагменттері мен сынықтары, ашық-қоңыр түсті, өсімдік өрнегімен көмкерілген терракоталық түтеткіш, қола білезік сынығы табылды. Солтүстік-батыс бөлігінде қасында ыдыс орнатылған ошақ орналасқан бөлме бөлігі аршылды.
Цитаделдің аршылған көшесі, цитадельдің солтүстік-шығыс қабығасынан басталып, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған. Көше күл, күйген ағаш, қамыс, қи аралас қабатпен төселген. Бұл қабатта керамика мен мал сүйектері алынды. Сонымен қатар, шырақтар, моншақтар, қола пышақтар сынықтары табылды.
Цитаделдегі қазба барысында 17-18 ғғ. жерленген балалар мен үлкендер мүрделері анықталды.
Жолдың екі шетінде тұрғын үйлер қабырғалары тұрғызылған, олардың дәл көлемдерін қазір анықтау мүмкін емес, бірақ бұрынғы қазбалар негізінде бір усадбінің көлемі 280 шаршы м-ден асқан деуге болады. 
Усадьбі бір секцияны алып отырған. Цитадел терииториясында мұндай секциялар жалпы саны 6 не 9 болғанға ұқсайды.
Аршылған көше бұрыштағы шығыс мұнарадан батыс бағытында есептегенде екінші солтүстік-шығыс мұнарасына апарады. Оңтүстік-батыс жағынан жол оңтүстік-батыс қабырғадағы екінші және үшінші мұнаралар арасындағы қақпаға барған. Бірақ, бұрыштағы оңтүстік мұнара мен екінші мұнара арасында көзге көрінетін бөлініс жоқ екенін атап кету керек.
Цитадель бетінде жол сай түрінде, қоршаған ортаның түсінен бөлек (ашық-сұр) болып келеді.
Цитадельдің сыртқы оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жақтарында қала шахристанының кірісіне әкелетін жолдар қоршаған. Осылайша бұл жолдар қала шахристанына жатады. Цитадель қаланың бұрышында орналасқанына қарамастан жеке қақпасы болмаған. Цитадельден шахристанға, сосын барып рабадқа шығатын болған.
Цитадельдің ішкі периметрімен жүрген жол да болғанға ұқсайды.
Көшенің екі жағында сыртқы қабырғалары бітеу усадьбілер орналасқан, қабырғаларының қалыңдығы 1,1-1,5 м-ге жетеді.
Осылайша 2007-2009 жж. Жұмыстар қалажұрттың цитаделінде шоғырланды. Цитадельдің оңтүстік-шығыс ширегінде, көше бойында, шығыс – батыс сызығы бойынжа орналасқан, тұрғын орамдары жартылай аршылды. 2008 жылы орамішілік құрылыстардың бір бөлмесінде оймышты өрнекпен көмкерілген қошқар протомасы түрінде бірегей керамикалық алтарь табылды. Алтарьдың сыртқы жағында оймыш өрнегі бар күйген ағаш болды. 2009 жылы қалажұрттың бос қалған қабаты анықталды. Қабатта 17-19 ғғ. жататын көптеген мүрделер болды. Екінші қабат шайылған, құрылыс конструкциялардың тек іздері сақталған. Денудациялық үрдістар цитадельдің орталық бөлігінде ерекше байқалады.сыртқы қабырғаларға жақын орналасқан конструкциялар жақсырақ сақталған. Үшінші, ерте қабат тек бірнеше жерде – цитадель көшесіндегі стратиграфиялық кесіндіде және құрылыс конструкцияларын кескен мүрделерде анықталды. Көше осы екі қабаттың өмір сүрген уақытта болғаны анық, одан ұзақ уақыт өмір сүруі де мүмкін. Құрылыс қабаттары бір-бірін қайталауы да әбден мүмкін. Әрқайсысының ерекшеліктерін, олардың ұқсастығын тек цитадельдегі археологиялық жұмыстарды жалғастырғанда ғана анықтауға болады.
Қазылып жатқан құрылыс қабатын 11-12 ғғ. жатқызуға болады.



Сурет 1. Бөлме ортасындағы ошақ және ыдыс сынықтары. Солтүстік бағытта.


Сурет 2. 2009 ж. мауысымында аршылған қала көшесі мен тұрғын жай қабырғаларының қалдықтары.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг