Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Ортағасырлық Қиялық қалашығындағы 2009 жылғы қазба жұмыстарының есебі.

Ортағасырлық Қиялық қалашығындағы 2009 жылғы қазба жұмыстарының есебі.

Байпақов К.М., Воякин Д.А., Сералы Н., Долгушев А.С., Беляева Т.В., Құдабаев Ш.А., Сорокин Д.В.

Қиялық қалашығы солтүстік шығыс Жетісу өңірінде, Талдықорған қаласынан солтүстік шығыс бағытта 190 км. қашықтықтағы қазіргі Қойлық ауылының (Сарқанд ауданы) шығысында орналасқан.
Іле ауданындағы археологиялық ескерткіштер ішінде Қиялық көлемі жағынан ең үлкен қалашық болып табылады. Солтүстік шығыс қабырғасының ұзындығы 1200 м, оңтүстік батыс қабырғасы - 750 м, биіктігі 3,5-4 м. Ащы бұлақ өзені қалашықтың ортасынан ағып жатыр, оңтүстік батыс шекарасы Жоңғар алатау етегіне дейін жетеді. Қабырға бойында әр 30-45 м сайын мұнаралар орналасқан. Қала территориясына солтүстік батыс, солтүстік шығыс және оңтүстік шығыс жақтарынан кіруге болатын. Ескерткіштің аумағының барлығы бұрыңғы құрылыс іздері байқалады: шұңқырлар, үлкен емес төбешіктер және т.б.
XI – XIII ғғ. деректерде Қиялық Қарахан кағанатының құрамындағы қарлұқ мемлекетінің астанасы ретінде беріледі, ал XIII ғ. ортасында қала Моңғол империясының құрамында болды. Археологиялық зерртеулер негізінде қаланың XIV ғ. дейін өмір сүргені дәлелденді.
2009 ж. мауысымында үш қазба салынды.
Бірінші қазба шахристанның солтүстік бөлігіндегі торткүл орнында салынды – болжам бойынша бұл ерте кезде цитадель болуы мүмкін. Қазба 40 м² көлем жерді алып, екі құрылыс қабаты зерттелді. Бірінші құрылыс қабатында тұрғын жай қалдықтары, ал екінші құрылыс қабатында қоғамдық ғимарат аршылды. Тұрғын жай, көлемі 38х22х7 см болатын, шикі кесектен қаланған. Кейбір қабырғалар ерте кезеңге жататын құрылыс қалдықтарын ірге тас ретінде пайдалнып, үстіне салынған. Тұрғын жайдың аумағы 12х16 м, бірнеше тұрғын бөлмелер мен шаруашылық бөлмеден тұрған. Айван есігі шығыс шағында орналасқан. Бұл құрылыс қабырға қаландысымен еркшеленеді. Тұрғын жайдың қабырғалалары алдымен ағаштан жасалған жәшік құрастырып оның ішіне 42х21-22х10 см болатын кесекпен қалаған. Осындай екі қатар қаланып, ортасы балшықпен толтырылған. Қабырғаның қалыңдығы 60-90 см болған. Одан кейін қабырға сыланып, қызыл түске боялған. Төбесі де ағаш бөренелерден құрастырылып қамыспен жабылып, сылақпен сыланған болатын. Барлығы екі құрылыс қабатынан 13 бөлме аршылды. Кейбір бөлмелерде таға тәрізді керамикалық алтарлар табылған. Беткі жағында терңдетіліп салынған оюлар бар. Алтардың алдында ағаш күліне толған үлкен емес шұңқыр бар. Қазба барысында табылған қыш сынықтарын сараптау негізінде бұл тұрғын жайды XII- XIII ғғ. жатқызуға болады.
Осылай, 2009 ж. муысымында Қиялық қалашығының тағы да бір бөлігінің архитектуралық кешені анықталды. Құрылысшылар жаңа тұрғын жай салу үшін, ескі тұрғын жайдың фундамент қолдануға тырысты. Тұрғын жайлар 40-42 х 21-22 х 9-10 см болатын кесектен қаланған. Қабырға қаландысының өзінің ерекшелігі бар: алдымен кесектерден қабырғаны қалап, одан кейін қабырғаның төзімділігін күшейту үшін екі жағынан бөренелермен немесе жалпақ тақтайлармен жан-жағына жапсырған. Нәтижесінде қабырға ені 0,6- 1 м дейін жететін болған. Архитекторлардың болжауы бойынша, орта ғасырда қабырғаны мұндай тәсілмен қалау жер сілкінісіне төзімді болған. Осындай тәсіл XI-XII ғғ. Ходжент және Мерв қалаларында қолданылған.
Сол кездегі құрылысшылардың көздеген мақсаты, бірнеше бөлмелердің ортақ бір бөлменің айналасында орналасуы. Бұндай бөлме, көлемі 3 х 4 м болатын төртінші бөлме болып табылады. Бөлмелердің осындай тәсілмен орналасуы Орта Азияда кең таралған. Пенджикент ғибадатханаларында, Самарқанд қаласында және Қырғызстандағы кейбір қалашықтарда кездестіруге болады. Кейбір жерлерде жасырын бөлмелер кездеседі.
Үлкен бөлмелерде киелі немемсе алтар тұрған қасиетті кішкентай бөлмелер болған. Олардың көлемі 9 м² аспайды. Бөлме ішінде ошақ болған, шырақтарда әр қашан от жанып тұрған, күлді көбінесе сол күйінде қалдырған. Деректерде мұндай отқа табынушылық «Вара» деп аталған. От арқылы адамның жанын мәңгі бақи сақтағанына сенген. «Вара» ежелден бері келе жатқан бейне.
Зерттелген тұрғын жайды, оның ішінде табылған затарды сараптай отырып, бұл құрылысты «от мекені» немесе «от үйі» (дом огня) деп айтуға болады. Құрылыс бірнеше ғасыр бойы өмір сүрген, табиғи апаттарға ұшырап қайта жөнделген болатын. Ақырында қатты өртке ұшырап бұл құрылыс жойылады.
Екінші қазба Қиялық қалашығының ортағасырлық кварталында салынған, жалпы көлемі 20х20 м. Қазба жұмыстарының бастапқы кезінде екінші қазба бірінші қазбаға жақын орналасқандықтан екеуін қосу туралы шешім қабылданды. Барлығы бұл қазбада төрт құрылыс қабаты аршылды. Бірінші құрылыс қабатынан архитектуралық құрылыс қалдықтары анықталған жоқ. Тек қыш ыдыстар сынықтарының шамалы мөлшерде кездесті. Екінші құрылыс қабатынан төрт бөлме анықталды. Үшінші құрылыс қабаты бес бөлмеден тұрған. Одан басқа, айтылған құрылыс қабатында «кан» жылыту жүйесі табылды. Төртінші құрылыс қабатын қазу барысында сыртқы қамал қабырғасының қалыңдығы 4,50-4,80 м екені анықталды. Бұл қабаттан төрт тұрғын бөлме аршылды. Бірінші және төртінші құрылыс қабаттарынан тандыр ошақтар орындары табылды. Қамал қабырғасына параллель қазбаның ортасынан тағы да бір қабырға өтіп жатыр. Аршылған ұзындығы 17,70 м, биіктігі 1,30-1,50 м, ені 70-75 см.
Үшінші қазба цитадель аумағында, бұдан бұрын қазылған ортағасырлық мешіттен 60 м қашықтықта орналасқан. Қазбаның көлемі 10х10 м құрайды, бұрыштарымен әлемнің төрт жағына қаратылған. Жоғарғы қабат қалың арама шөпке өскен, орта тұсының жер бедерінде ойық байқалады. Батыс және солтүстік жағындажал орны байқалады, шамасы құланды қабырға мен су құбырын қазу барысында үйілген топырақ болуы мүмкін. Шым қабатын аршу барысында 25 см дейін жететін өсімдік тамырлары мен қарашірік топырақ қабаты аршылды.
Сипатталып отырған қазбадан үш құрылыс қабаты анықталды. Жоғарғы екі құрылыс қабаты, табылған қыш ыдыс сынықтарына сүйенсек, ғғ. жатқызуға болады.
Үшінші құрылыс қабатында табылған қыш ыдыс сынықтары бұл қабатты XII – XIІІ ғ. жатқызады. Жалпы, бұл қазба аумағында 30-60 жж. су құбырларын немесе басқа коммуникациялар жүргізу барысында орта ғасырлық құрылыс қалдықтары жойлғаны байқалады.
Керамика жиынтығы қазбаның әр жерінде табылған қалың және жұқа ыдыс бүйірлерімен ұсынылған. Одан басқа қыштан жасалған өңеш, тұтқа және шыңылтырылған жасыл түсті сынықтар кездеседі. Шарықта жасалған, ілмек тәрізді тұтқасы бар ыдыстардың бүйірліері, бастырылғын саусақ іздері қалған хумның үстіңгі ернеуі және т.б. кездеседі. Табылған ыдыс сынықтар ішінде крест тәрізді белгімен өрнектелген бөлігі кездеседі. Керамика жиынтығын сараптау нәтижесінде оны XIІІ – XIV ғғ. жатқызуға болады.



Қазба №2. Үшінші құрылыс қабатының жалпы көрінісі.Оңтүстік бағытта.


Қазба №2. Төртінші құрылыс қабатының жалпы көрінісі. Шығыс бағытта.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг