Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Сауранның орталық алаңындағы №3 объектісіндегі зерттеулері жайлы есеп

Сауранның орталық алаңындағы №3 объектісіндегі зерттеулері жайлы есеп

Смағұлов Е ., Ержігітова А.

2009 ж (қыркүйек - қазан) далалық маусымында Сауран қаласының орталық алаңының солтүстік - батысында орналасқан сәулеттік кешен аумағын зерттеулері жалғастарылды. Осы ірі ауқымды және көп қабатты ескерткіш 2005 жылдан бері зерттеліп келеді. Медресе ғимараты және оған қарама-қарсы орналасқан ғимарат қаланың негізгі солтүстік қақпасынан басталып орталық алаңына апаратын 18 метріге кеңейтілген магистральді көшесінің бөлігімен бөлінгені анықталған болатын. Оларды негізгі кіре-берістері бір білікте орналасқан, яғни осы ғимараттар «кош үлгілі» сәулеттік-жоспарлы композициясын құрастырады.  Осыған қарап зерттеліп жатқан кешен қарама-қарсы орналасқан медресеге ұқсас төртбұрышты тұйық-қора жоспарында болғандығын жорамалдауға болады.
Ғимарат кіріс порталы XIV – XVғғ. соңындағы  полихромды жылтыратылған изразецтермен безендірген болатын, ал соңғы дәуірінде иесіз қалған кезінде қараусыз қалған құрылыс екінші қайтара құрылыс материал шығаруына арналған объектімен қызмет атқарған (қабырғалардан сапалы күйдірілген кірпіш бұзып алынған). Бүгінде 2009 жылға дейін осы сәулетшілік кешенінің шамаланған ауданының жартысы тазаланған. Бірақтан, оның тағайындау міндетті туралы жеткілікті дәлелденген пікірге келген жоқпыз.
Егер де Орта Азия қалаларының тимурдің уақытында сәулеттік ансамбльдерінде «көп жағдайда … әртүрлі діни ғимараттардың үйлестіруі байқалады, атап айтқанда: жұмалық құдайға құлшылық етуге  арналған мешіттердің; суфий дәруіштерінің діни ырымдарына арналған мекеменің - ханако; орта ғасыр оқулық мекемелердің - медреселері», ал «Сауран Регистанының» кешенінде қазірге ханако анықталған жоқ. Сондықтан да, «кош» үлгісінде медресеге қарсы орналасқан ғимараты ханако екендігі  әбден мүмкін, осы жағдай Самарқандағы Мұхаммад Сұлтан кешенінде орын алған болатын.
«Сауран Регистанының» аумағындағы қазба жұмыстары аяқталмағанына қарамай, алдымызда діни ғимараттарының тамаша үлгілі ансамблі екендігін сеніммен айтуға болады. Мүмкін, қала құрылымының ең ауқымды бөлігіндегі кеңдік композиция және жоспарлау негіздері XIV ғ. бірінші ширегінде Сауран Көк-орданың бір астанасы болған кезеңінде қаланған. Бәлкім, осы кезеңде қаланың жаңа орнанына ауысыу мүмкін, яғни Қаратөбе  қаласынан қазіргі Сауран қаласы орныналасқан жерге. Қаланың орын аустыруы монғол империясының ыдыраумен және Еуразия жазықтарында жаңа мемлекеттік білімдерінің пайда болып жатқан жағдайда мемлекеттік-саяси қайтақұруларымен байланысты болуы мүмкін.


Қалада 1320 жылы Көк-орда басқарушы Сасы – Бука жерленген болатын. Оның ұлы Эрзен Сауранда және Қазақстанынның оңтүстігінің басқа қалаларда медресе, ханака, мешіттер салды. Сауран астаналық орталық ролін әр түрлі әулеттердің резиденциясы болып келесі уақытта да сақтады. XV ғасырдың 80-ші жылдары қаланы Жәнібек ханның ұлы Иренчи-сұлтан басқарды.
Мұндай  ауқымды қалақұрылыс жоспары тек астаналық қалада болуы мүмкін еді, орталықтандырылған саяси еріктің жүзеге асыруы сияқты. Жас мемлекет хандары, басқа әулеттердің өкілдеріне жол бермей  кеудемсоқтық сәулетшілік жобалар жүзеге асырып белсенді құрылыстар жүргізді. Осы жағдайда сәулетшілік және қала құрылыс жобалардың авторлары Орталық Азия қала салушылық және сәулетшіліктің жалпы арнасында жұмыс істеді.


2009 ж. біздің отряд солтүстік бағытта орналасқан сәулетінің қалдықтарын тазалауын жалғасқан болатын, бұл жерде кешенің «биік» солтүстік-батыстағы бұрышын алғашқы деңгейін аштық. Кешеннің солтүстік-батыс бұрышында орналасқан ең биік төбеге қарағанда оның астында ең жақсы сақталған сәулеттік ғимараттың болуы мүмкін екендігінің дәлелі.
1 қазба кешеннің 2007 және 2008 жылдары қазылған солтүстік-батыс бұрышына жалғастырылды. Қазбаның аумағы 10х20 м (1 сурет). Жүргізілген жұмыстар барысында сегізбұрышты бөлмесінің жартысы, 2, 3, 4, 4а, 5 (көше)  және 6 (аула төсеніші?) ашылған болатын.
Ашылған учаскеде құрылымның екі мәдениет қабаттары айқын байқалады: алғашқысы, ашылған негізгі контрукциялармен (1 құрылыс қабаты) және екіншісі, сол негізгі қабаттың бүлінген жерлердің жөнделгенімен. №1 және 4 бөлмелер едендері  10-12 см ғана көтерілген болуы мүмкін, яғни тек жаңа кірпіш төсеніштері пайдаланған. Кешеннің ашылған бөлігінде 1 және 2 құрылыс қабатарының едендер айырмашылығы 46-55 см.


Олжалар, қыш ыдыстар сынықтары және теңгелер, ярустарымен тіркелді. 1 бөлменің еденінің 1-3 ярустарынан және 2,3,4 бөлмелерінің 1 ярусынан табылған олжалар 2 құрылыс қабатына біріктіруге болады (3 сурет).
Сонымен, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде келесі қорытындыға келуге болады:
Бірінші, ең ерте дәуірде, 1 бөлмеден және оған қосылған 3, 2,  4 және 4а  бөлмелерінен тұратын кешені болған. 1, 3 и 4 а бөлмелері алдында күйдірілген кірпішпен төселген алаң орналасқан. Кешенді батыстағы қасбеттік (сыртқы) қабырғасы (өткен маусымда анықталған), көше алдында үзіліп ары қарай солтүстікке бағытталып, жаңадан ашылған сыртқы батыс қабырғасы болып келеді.
Кешеннің солтүстік-шығыс бұрышында (2 қазба) жүргізілген жұмыстар ғимараттың алдыңғы жағы өзінің бірінші құрылыс қабатында кешеннің қайта құруына келмейді. Сондықтан, медресеге қарама қарсы орналасқан ғимарат туралы анықтама алу үшін кешеннің солтүстік бөлігінің негізгі құрылыс қабатын бірыңғай әдісімен ашу керек.

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг