Russian (CIS)ҚазақшаEnglish (United Kingdom)
 
 
Ә.Х. Марғұлан
атындағы
Археология институты
Адрес:
г. Алматы, ул. Шевченко 28, пр. Достык, 44
Телефоны:
+7 (727) 272 06 99 - приемная
 

Баннер

ruhani-jangyru-logo

Марғұлан атындағы Археология институтының журналы

КазНУ

Бастыбет Мәдени мұра Ортағасырлық Тальхир қаласындағы 2009 жылғы зерттеулер

Ортағасырлық Тальхир қаласындағы 2009 жылғы зерттеулер

Т.В.Савельева

Қалалардың экономикалық өсуі және қолөнер мен шаруашылықтың дамуында Іле өңірін Қытай, Жапония, Орта Азия, Иран және Византиямен жалғастырған Ұлы Жібек жолы үлкен рөл ойнады. Олай болса, Жібек жолы бағытындағы ірі сауда орны болған ортағасырлық Тальхир қаласы тау алды аймағында орналасқан. Ескерткіш республикалық маңызы бар, қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның тізіміне еніп, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ірі туризм орталығына айналғалы отыр.
Ортағасырлық Тальхир қаласы Алматыдан 25 км шығыста, қазіргі Талғар қаласының оңтүстік шетінде орналасқан. Жазба деректерде Тальхир қала ретінде Х ғ. аяғынан бастап кездеседі. 980 ж. жағрапиялық шығарма  – «Әлем шекаралары» («Худуд ал-Алем») дерегі бойынша қаланың көлемі 28 га жеткен: ол Ұлы Жібек жолындағы ірі саяси және сауда орталығы болған. Қала стратегиялық қатынаста негізгі бағытты ұстанған, ол отырықшы егіншілікпен және көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың байланыс аймағындағы орталық болған, бұл қала жобасының құрылысынан, қоғамның әлеуметтік қалыптасуынан, қолөнер мен саудасынан көрінеді.
2004 ж. шығыс қақпа жағына қазба салынып, жыл сайын кеңейтіліп,қалың топырақ астынан жаңа тұрғын үй орындары, аула, көше мен жол қиылыстары ашылып келеді.
Бүгінгі уақытта шығыс қақпа жақа жүргізілген қазбадан тұрғын үйлі тұрғын кварталы, шаруашылық құрылыстар мен үлкен аула, тұрғын кварталындағы тас төселген негізгі көше аршылды.
Тұрғын үй кварталдарындағы қазба жұмыстарының жалғасуы. Қазіргі кезде қаланың тек орталық бөлігі – көлемі 298х302 м (9 га) цитаделі ғана сақталған, оны  айнала орталарында мұнара орындары бар қорғаныс қабырғалары  қоршап жатыр.
ІХ ғ. бекініс бөлігіне көпестер мен қолөнершілер қоныстанған. Алғашында олар илеуші мен оның сарайын қамтамасыз етсе, соңынан айналасындағы отырықшы халықтар үшін тауарларын өндіре бастады. Қаланың бекініс бөлігінің барлық жағынан құрылыстар, яғни қала маңындағы сауда-қолөнер орындары жалғасқан. Қаланың тікбұрышты жобасында үйлер, үй жайлар, тұрғын үй мен бөлмелер және үлкен аула орналасқан. Үйлер көп бөлмелі, онда тұрғын үй, ас үй, қойма кіреді. Ауласы бар үйді саз қабырғалар қоршаған. Аулада үй жануарларына арналған орындар болған.
Тұрғын құрылысының үйлесімділігі мен үлкен аула қалыптасуы көптеген жүз жылдарға созылған Іле өңіріндегі үйлердің ерекшелігі болып табылады. Ортағасырлық Талғар тұрғындарына дейін Іле өңірін мекендеген б.д.д. ІІІ ғ – б.д. Ү ғ. үйсін тайпалары үй салғанға ұқсайды.
Солай біртіндеп қала қалыптасқан – билеуші әкімшілік орталық, қолөнер және сауда. Осы жолмен даму Орта Азиялық қалаларға тән.
Шығыс қақпа жағындағы тұрғын үй кварталына қазба жалғастырылды. 2009 ж. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Талғар қалажұртындағы археологиялық зерттеулер жүргізілді. Шығыс қақпадағы қазба оңтүстікке (4,5х45м) және шығысқа қарай (7х35 м) кеңейтілді. Шым қабаты алынғаннан кейін 0,6-0,7 м тереңдіктен тұрғын үй бөлмелері ашылды.
Технологиялық анықтамасы бойынша қыштан жасалған ыдыстар ІХ-Х ғғ. жатады. Ол сыртқы дуал бірнеше рет жөнделген. Ал орталық көше екі деңгейден тұрған. Жоғарғы деңгейі ХІ-ХІІІ ғ. басы, төмеңгі деңгейі ІХ-Х ғғ. 7 маусым 2009 ж. тұрғын жайлар орналасқан аумақтан үш орташа құмыра, екі су құйғыш, екі сүт құятын ыдыстардың көмбесі табылды. Талғар қаласынан табылған шыны ыдыстар отқа күйдіріп, үрлеу әдісімен жасалған. Құрамында 55% құм араласқан ыдыстар көпшіліген дәрі-дәрмек сақтауға арналған. Шыны өндірісінің көркейген кездері ХІ-ХІІІ ғ. басы.
Қаланың орталық көшесіне таяу орналасқан оңтүстік қабырғаға есік және аулада шеберханашы ұстаның дүкенінің орны ашылды. Сонымен қатар, шығыс қабырғадағы есік орны анықталды. Оның ені 2,2 м.
Тұрғын үй жайлар орналасқан аумақтан қайрақ тас пен қол диірмендер табылды. Қайрақ тастың көлемі 11 см, ені 2,5 см, қалыңдығы 1 см. Ортасында ілуге арналған тесік бар.
Х – ХІІІ ғ. басындағы Тальхир қаласында су құбырларының болғандығы туралы алдыңғы қазбалардан белгілі.
Темір бұйымдар мен қыш ыдыстардың қалдықтарын анықтай отырып қаланың жоғарғы құрылыс қабаты ХІІ аяғы – ХІІІ ғ. басына жататындығы белгілі болды.
Орталық көше бойындағы жүргінші жолдағы қазба және қалпына келтіру жұмыстары. Орталық көшенің солтүстік жағынан ұзындығы 32,7 м, ені 1,2 м болатын жүргінші жол қалпына келтірілді. Жүргінші жол өзен тастарынан қаланған. Жүргінші жол негізгі көшеден 0,15-0,2 м биік және шеті жиектелген. Солтүстік жағының бойында қабырға, яғни іргетастың қалдықтары бар.
Жүргінші жолды қалпына келтіруге дайындау үшін тазалау кезінде толтырылған ортағасырлық қоқыстан көптеген майда металл қалдықтары табылды. Олар: тиындар, инелер, қоладан жасалған қапсырмалардың қалдықтары, қола сырғалардың сынықтары, сүйек түймелер, шегелер, тас қайрақтар, кілттердің сынықтары.
Жүргінші жолдың тұрғызылған және қызмет еткен уақыты негізгі көшенің тұрғызылған уақытымен сәйкес келеді ХІ аяғы – ХІІІ ғ. басы.
Қабырғаны қалпына келтіру жұмыстары. Қабырға дуалды қазу барысында шаруашылыққа қажетті көптеген қыш ыдыстардың сынықтары кездесті. Олар қазанның құлақтары, құмның ернеулері, құмыралардың сынықтары. Олар дуал құрылысының құрылыс материалдары ретінде жұмсалған. Үй малдарының көптеген сүйектері табылды. Дуал қабырғасы 0,-0,5 м тереңдіктен басталады. Тастан қаланған құрылыстың үстіңгі қабаты жойылып, тек асты іргетас ретінде қалған. Қалпына келтіру барысында бұрынғы тастар өз орнына қойылды. Дуалдың биіктігі 0,7 м көтерілді.
Қабырға бірнеше рет жөндеу жұмыстарынан өткен.
Ортағасырлық Тальхир қаласының қорғаныс жүйесінің зерттелуі. Осы жылғы далалық жұмыстар барысында қорғаныс жүйесінің құрылыстары зерттелді. Қазба нысаны ретінде солтүстік-шығыс қабырғадағы қақпа кешені алынды. Бекініс қабырғасы мен шығыс жақ құрылысына қазба салынды. Одан басқа солтүстік-шығыс бұрыш мұнарасы ашылды.
Талғар қаласының жүйелі зерттелуі. Сыртқы қабырғасының ішкі каналға кіретін есік аумағы қазылды. Сақталған қабырғаның биіктігі 3,45 м. Қабырғалардағы бөренелердің қалдықтары жер сілкінісі кезінде тартылып тұратын құрал және ылғал жібермейтін құрылыс материалдары ретінде қолданылған. Негізгі қабырғаның іргетасында саз балшықты араластырып құйған үлкен тастар кездесті. Сонымен қабырғаны қалар кезде сынық саз кірпіштерді балшықпен құйып, үстіне тас қалаған.
Оңтүстік қабырғаның қалыңдығы кейбір жерлерде 8,6 м жетеді. Солтүстік беттегі кіретін есіктегі мұнара төртбұрышты болған. Өлшемі 11,2х12 м.    Қазіргі уақытта мұнараның сәулеттік ерекшеліктері анықталып жатыр.
Солтүстік-шығыс бұрыш мұнарасындағы қазба. Сыртқы қорғаныс қабырғалар жалғасқан солтүстік-шығыс бұрыштағы мұнара орны қазылды. Қазба барысында оңтүстік қабырғаның 6,5 м ұзындығы анықталды. Мұнара құрылысының ерекшелігі анықталды. 1,8 м биіктіктен бастап 11 қатардан тұратын (32х16х9 см) саз кірпіштерден қаланған бөлігі болды.
Бұрыш мұнара жобасында дөңгеленген. Мұнараның төменгі бөлігі (платформа) пахсадан (қазіргі жер деңгейінен 0,4 м төмен), сары түсті саздан тығыз етіп тұрғызылған.  
Мұнара құрылысын қазу жұмысы толық аяқталған жоқ. Шамамен мұнараны салу кезеңі VІІІ ғ екінші жартысы – ХІV ғ. бірінші жартысына жатады.
Қазбаның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті РМК «Қазреставрацияға» ортағасырлық Тальхир қаласын қалпына келтіру мен сақтау жұмыстарын жүргізу үшін ұсынылды. 


Байпаков К.М., Савельева Т.В., Чанг К. Средневековые города и поселения Северо-восточного Жетысу. Алматы, 2005. С.69.


1. Средневековый город Тальхир. Общий вид фортификационных сооружений у северного въезда.


2. Средневековый город Тальхир. Северо-восточная угловая башня. Фрагмент кладки.


3. Средневековый город Тальхир. Реконструкция основания стены-дувала вдоль центральной мостовой. XI - начало XIII в.


4. Средневековый город Тальхир. Неполивная посуда. XI - начало XIII в.

 

Байпаков К.М., Савельева Т.В., Чанг К. Средневековые города и поселения Северо-восточного Жетысу. Алматы, 2005. С.69.


 

 
 
   
 
2022 © Институт археологии им. А. Х. Маргулана Создание сайта Создание сайтов, разработка и сопровождение сайтов, продвижение, хостинг